Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақтеңізкөлікфлоты ТХКМ қауымдастығының отырысына қатысты
2025 жылғы 4 наурызда Бакуде Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) халықаралық қауымдастығының Жалпы жиналысы өтті. Оған "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС делегациясы бас директордың жетекшілігімен қатысты.
Жиында 2024 жылғы қызметтің қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды. ТХКМ дәлізі арқылы тасымал көлемі 3,3 млн тоннаға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті, ал контейнерлік тасымалдар 176%-ға артты. 2025 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер мен тарифтік мөлшерлемелер бекітілді. Қауымдастыққа жаңа қатысушылар қосылды.
Отырыс аясында "Middle Corridor: Connectivity via Caspian Sea" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда маршрутты дамыту перспективалары, жаңа технологияларды енгізу және жүк тасымалының экологиялық аспектілері талқыланды.