Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» кеңсесінде қоғаммен байланыс және медиа саласындағы мамандардың воркшопы өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіретін компаниялардың өкілдері қатысты.
Воркшоп Ақтаудағы ҚМГ өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті. Қатысушылар тәжірибе алмасып, корпоративтік коммуникацияның өзекті трендтерін талқылап, компаниялар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жақсарту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, медиа саласындағы өзекті сын-қатерлер мен болашақ ынтымақтастықтың перспективалары сөз болды.
ҚТКФ атынан Бизнес дамыту қызметінің маманы Ә. Байтиева қатысып, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы аясында тиімді коммуникациялық жұмысты дамыту үшін білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Воркшоп ашық пікірталас пен интерактивті сессия форматында өтті, бұл қатысушыларға кәсіби байланыстарын нығайтып, болашаққа ортақ бастамаларды белгілеуге мүмкіндік берді.