Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақтеңізкөлікфлоты Busan 2025 Ocean Tech Plaza халықаралық көрмесіне қатысты
КМТФ Бас директоры Айдар Оржанов Оңтүстік Корея, Пусан қаласында өткен Ocean Tech Plaza in Busan 2025 (OTeB 2025) халықаралық теңіз көрмесіне қатысты. Бұл кеме жасау саласындағы жетекші компаниялар, теңіз тасымалы операторлары мен технологиялық жабдықтаушылар жиналатын маңызды іс-шаралардың бірі.
Көрме аясында Mastek Heavy Industry, Daehun Shipyards және басқа да кеме жасау компанияларымен келіссөздер өтті. Корейлік мамандар КМТФ флотының қажеттіліктеріне бейімделе алатын жаңа контейнер кемесінің жобалық шешімдерін ұсынды.
ҚТКФ халықаралық серіктестерімен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, заманауи технологиялық үрдістерді ескере отырып, флотты жаңарту және озық кеме жасау шешімдерін зерттеу бағытында жұмысын жалғастыруда.