«Қазақтеңізкөлікфлоты» 2025 жылдың қорытындыларын шығарды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» 2025 жылдың қорытындыларын шығарды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» 2025 жылдың қорытындыларын шығарды

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бас директор (Басқарма төрағасы) Бауыржан Мұратұлының төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу өткізді. Жиналыс барысында негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер жарияланып, флот жұмысының басты тасымал бағыттары бойынша нәтижелері қарастырылды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Есептік кезең қорытындысы бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 10,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде 1,95 млн тонна Каспий теңізі, ал 8,75 млн тонна Қара және Жерорта теңіздері арқылы тасымалданды. Флот жұмысы логистикалық ағындардың өзгеруі мен жүк жөнелтушілердің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылды, бұл халықаралық бағыттар бойынша тасымалды тұрақты әрі үздіксіз орындауға мүмкіндік берді.

Ең жоғары көрсеткіш контейнерлік тасымал сегментінде байқалды. Жыл қорытындысы бойынша 59 411 TEU контейнер тасымалданып, компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды. Аталған нәтиже Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы мультимодальды және транзиттік тасымалдарға сұраныстың жоғары екенін және «Қазақтеңізкөлікфлотының» осы бағыттағы рөлінің артылып келе жатқанын көрсетеді.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz