Жаңалықтар мен оқиғалар
2021 жылдың 6 тамызында Транскаспий халықаралық көлік бағытында іске қосылған «Барыс» фидерлік кемесі Ақтау портынан рекордтық 314 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) контейнерді тиеп шықты.
5 қабатта жүктелген контейнерлердің көпшілігі 40 футты контейнерлер. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК «Барыс» контейнерлік кемесіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылдың наурыз айында фидерлік желіге қосқан болатын.
«Ақтау - Баку» контейнерлік желісі іске ұосылғаннан бері екі бағытта 31 мыңнан астам ЖФЭ жүк тасымалданып, 4 кеменің қатысуымен 140 -қа жуық айналмалы сапар жасалды.