Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақтеңізкөлікфлоты ұжымы Амал мерекесі – Көрісу күнін ерекше атап өтті. Мерекелік шарада ұлттық нақыштағы қазақша киімдер киіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл күй орнады.
Қызметкерлер бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді.
Бұл күн – халқымыздың бірлік пен татулықты, сыйластық пен ізетті дәріптейтін ерекше дәстүрлерінің бірі. Ұжым мүшелеріне ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, мерекені жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдіреміз!‘’
