Жаңалықтар мен оқиғалар
Ақтау қаласының балалар уйі тәрбиеленушілері үшін «Сұңқар» контейнер кемесіне экскурсия ұйымдастырылды
2025 жылғы 17 мамырда «Қазақтеңізкөлікфлоты» және Ақтау теңіз портының Жастар кеңестері бірлесіп, Ақтау қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап «Сұңқар» контейнер кемесіне экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараға 13 бала қатысып, кеме құрылымымен танысты. Балалар экипаж мүшелеріне қызықты сұрақтарын қойып, жарқын әсер алды.
Кемеге бара алмаған ең кішкентай тәрбиеленушілер үшін 17-ықшамауданда орналасқан балалар ауылында сурет салу бойынша арнайы шеберлік сабағы өткізілді. Балалар қызығушылықпен сурет салып, соңында естелік сыйлықтар алды.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті. Кеме экипажы өз білімдерімен қуана бөлісіп, ал ҚТКФ және Ақтау порты Жастар кеңесінің өкілдері барлық қатысушылардың қауіпсіздігіне, жайлылығы мен мерекелік көңіл күйіне ерекше назар аударды.
Мұндай бірлескен бастамалар балалардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, жастардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын көрсетеді.