Жаңалықтар мен оқиғалар
Контейнерлерді таситын ҚТКФ кемелері орташа есеппен негізгі маршрут - «Ақтау-Баку» бойынша айына 7-8 айналым рейсін жүзеге асыра отырып, теңіз логистикасында маңызды рөлге ие болуда.
Аталмыш маршрут Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) бір бөлігі ретінде Азия мен Еуропа арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді.
Осы бағытта тасымалданатын контейнерлердің басым бөлігі Сиянь станциясынан Қытайға қарай бет алады. Тасып шығарылатын жүктер Қазақстан аумағын кесіп өтіп, континент аралық тауарлар қозғалысының тұрақтылығын сақтай отырып Еуропа бағытында тасымалданады.
2024 жылдың бастапқы айларында контейнерлерді таситын ҚТКФ кемелерімен 100 000 тоннаға жуық жүк тасымалданды, ал бұл жүк тасымалының елеулі көлемі десек де болады. Сәуір айында 2850 ЖФЭ контейнерлері тасымалының рекордық саны тіркелді. Компания әрбір айда орташа есеппен, 2500-ден 3000 ЖФЭ-ға дейінгі (жиырма футтық эквивалентті бірлік) контейнерлерді тасып шығару арқылы осы маршруттың жаһандық логистикалық торапта жоғары тиімділігін әрі маңыздылығын байқата түсуде. Орташа есеппен, бұл жүктердің 30 000-35 000 тоннасы.