Жаңалықтар мен оқиғалар
Ардақты да аяулы әйелдер!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін ақ жаулықты әжелердің, асыл аналардың, сұлу әйелдердің, ару қыздардың салтанатты мерекесі!
Мейрам қарсаңында баршаңызға бақыт, денсаулық, барлық арман-тілектеріңіздің орындалуына сәттілік тілеймін! Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!