Жаңалықтар мен оқиғалар
3 Маусым 2025 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» Бас директоры (Басқарма төрағасы) Айдар Оржанов Мюнхенде өткен әлемдгі ең ірі «Көлік және логистика» көрмесі аясында Hellmann ұйыдастырған воркшопқа қатысты. Іс-шара тәжірибе алмасудың және теңіз тасымалдарының дамуын талқылаудың маңызды алаңына айналды. Айдар Оржанов ҚТКФ қызметі туралы баяндап, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Контейнерлік кемелерді салу жобалары мен көлік қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Анықтама: Hellmann Worldwide Logistics – 1871 жылы Германияда құрылған, әлемдегі әрә халықаралық логистикалық операторлардың бірі. Компания теңіз, әуе және автокөлік тасымалдары, сондай-ақ келісімшарттық логистика саласында кешенді қызметтер ұсынады.