ҚТКФ жаңа белестерді бағындыруда
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ жаңа белестерді бағындыруда

ҚТКФ жаңа белестерді бағындыруда

| Жаңалықтар

Қазақтеңізкөлікфлотының Бас директоры Оржанов Айдар Есенжанұлы салауатты өмір салтын ұстанып, өз үлгісімен әріптестерін жаңа жетістіктерге жігерлендіруде.


Ақпан айының екінші онкүндігінде Айдар Оржанов Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро тауының шыңын бағындырды (теңіз деңгейінен 5895 метр). Бұл жақсы физикалық дайындық, төзімділік және тәртіпті талап ете қоймай, белсенді өмір салты мен тұрақты жаттығулардың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шыңды бағындыруда тек спорттық дайындық қана емес, сонымен қатар экстремалды жағдайда жылдам шешім қабылдай білу, назарды жоғалтпау, өз күшіңе сену және физикалық әрі эмоционалдық қиындықтарға қарамастан алға жылжи беру маңызды.

Денсаулыққа күтім жасау, өзіңді жеңу және жаңа белестерге ұмтылу – тек спортта ғана емес, жұмыста да қолдануға болатын маңызды қағидалар. Бұл тәжірибе кез келген мақсатқа сенімділік пен табандылық арқылы қол жеткізуге болатынын көрсетеді.

Басшымызды жаңа белесті бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз!

Фотогалерея


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz