Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚТКФ комплаенс-жүйесін дамыту» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді.
Оқыту ISO 37001:2017 ҚР СТ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу және кейіннен сертификаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде өткізілді.
Іс-шараға ҚТКФ басшылығы мен қызметкерлері, оның ішінде Бас директордың (Басқарма төрағасының) міндетін атқарушы Р. Сүлейменов қатысты.
Оқыту барысында:
- стандарттың негізгі талаптары;
- басшылық пен қызметкерлердің рөлі;
- комплаенс- бақылау тетіктерін енгізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау жауапкершілігі қарастырылды.
Оқыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қызметкерлердің хабардарлық деңгейін арттыруға және ҚТКФ комплаенс – жүйесін дамытуға бағытталған.
