Жаңалықтар мен оқиғалар
Астанадағы халықаралық көрме орталығы EXPO-да Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» интерактивті көрмесі өтті. Ауқымды іс-шараға Қазақстанның жетекші компаниялары қатысып, өз салаларындағы негізгі мамандықтарды таныстырды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС көрмеге қатысып, теңіз мамандықтарын таныстырды. Көрме қонақтары қазақстандық теңізшілердің жұмысының ерекшеліктері, қауіпсіздік талаптары туралы және сала мамандарынан ақпарат алды. Делегация құрамында Флоттың қауіпсіздігі және техникалық пайдалану жөніндегі бас директордың орынбасары Жұмаев Н.Т., Флоттың техникалық пайдалану қызметінің басшысы Серікұлы А., теңіз жүзу қауіпсіздігі қызметінің басшысы Манов М.М. және Қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Ғабдуллин Е.Е. болды.
Сонымен қатар, көрмеге белсенді қатысқаны үшін Серікұлы Айдын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, толағай табыс тілейміз!
Қазақтеңізкөлікфлоты үшін бұл шара теңіз саласының маңыздылығын атап көрсетуге және жастарға осы саладағы жұмыс мүмкіндіктері туралы айтуға тамаша мүмкіндік болды. Теңіз көлігі – Қазақстанның халықаралық логистикасы мен саудасының ажырамас бөлігі, ал білікті теңізшілер – саланың тұрақты дамуының кепілі.