Инвестициялық жобалар
КЕЛЕШЕК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
-
«Aframax» үлгісіндегі мұнай құю танкерін салу/сатып алу және пайдалану
Жобаның мақсаты: Ашық теңіздерде өзінің танкерлік флотын арттыру. KMG-International тиесілі барлық мұнай жүктерін «Aframax» үлгісіндегі меншікті танкерлермен тасымалдауды қамтамасыз ету.
-
Теңіз мұнай-газ операциялары үшін 2 қамтамасыз ету кемесін салу/сатып
Жобаның мақсаты: Кен орындарын игерудің барлық кезеңдерінде теңіз кен орындарының операторларына қызмет көрсету үшін жеке қызмет көрсету флотын құру.
-
Мұнайдың апаттық төгілуін жою үшін 2 кеме салу / сатып алу және пайдалану
Жобаның мақсаты: Барлама бұрғылау және теңіз кен орындарының мұнайын өндіру кезеңдерінде мұнайдың апаттық төгілуін жою үшін өз флотын құру.
-
Әмбебап 2 паром салу/сатып алу және пайдалану
Жобаның мақсаты: көліктік-логистикалық жүйені дамыту, бизнесті әртараптандыру және темір жол вагондарымен, вагон/цистерналармен және автотрейлерлермен жүктердің барлық түрлерін теңіз арқылы тасымалдаудан қосымша табыс табу.
ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 22-жылдан астам тәжірибесінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырды. Инвестиция сомасы 385 млн. АҚШ долларынан асты.
Ақтау портының №4 және 5 айлақтарын қайта құрылымдау және жаңғырту (2003-2005 жж.)
-
Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 10-11 млн. тонна мұнайды тасымалдау арқылы ұлғайту;
-
салмағы 12,000-13,000 тонналық танкерлерді өңдеу мүмкіндігіне ие болу;
-
жобаны іске асыру құны – 6,4 млн. АҚШ доллары.
Теңіздегі операцияларды қолдау флоты (2003-2008 жж.)
-
жүк көтергіштігі 3600 тонна болатын 8 платформалық баржаның құрылысы және 5 сүйрегіш кемелерін сатып алу;
-
Қашаған кен орны үшін тастарды тасымалдау;
-
жобаның құны - 31,3 млн. АҚШ доллары.
Салмағы 12 мың тонналық мұнай құю танкерлері (2005-2006 жж.)
-
«Астана», «Алматы», «ТК Ақтау» танкерлерінің кеме жасауы және оларды пайдалануға енгізу;
-
жобаны іске асыру құны – 41,8 млн. АҚШ доллары.
Салмағы 13 мың тонналық мұнай құю танкерлері (2009-2010 жж.)
-
«Атырау», «Ақтөбе», «Орал» танкерлерінің кеме жасауы және оларды пайдалануға енгізу;
-
жобаны іске асыру құны – 66,5 млн. АҚШ доллары.
Баутин поселкесінде шағын кемелерді жөндеу бойынша зауыт (2010 ж.)
-
салмағы 600 тонналық және ұзындығы 60 метрге дейін шағын кемелерді жөндеуді, бүкіл кеме түрлерін ағымдағы және рейс аралық жөндеуді жүзеге асыру
-
жобаға қатысушылар: Kyran Holding – 50%, ҚТКФ – 30%, «Балықшы» ЖШС — 20%;
-
жобаны іске асыру құны – 17,6 млн АҚШ доллары.
Салмағы 115 мың тонналық «Афрамакс» үлгісіндегі мұнай құю танкерлері (2011 ж.)
-
«Алтай» және «Алатау» танкерлерін сатып алу және пайдалану;
-
алғаш рет қазақстандық мұнайды қазақстандық кемелермен ашық теңізде тасымалдау басталды;
-
жобаны іске асыру құны – 102 млн. АҚШ доллары.
«Теңізшевройл» ЖШС болашақта кеңейту жобасы үшін Каспий өздігінен жүретін баржалар (2016-2018 жж.)
-
«Барыс», «Бүркіт», «Сұңқар» атты Каспий класты 3 баржасы (ені 21 м);
-
2018-2020 жж. баржалар «Теңізшевройл» ЖШС-нің Құрық порты (Ерсай базасы) – Прорва порты бағыты бойынша Болашақта кеңейту Жобасын салу үшін салынып жатырған ірі модульдердін тасымалдады;
-
жобаны іске асыру құны – 100 млн. АҚШ доллары.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің болашақта кеңеюіне арналған жоба бойынша ұсыныстар (2017-2018 жж.)
-
«Ырғыз», «Талас», «Ембі» 3 сүйрегіш кемелері (ілмегі 40 тонна);
-
2018-2020 жж. «Теңізшевройл» ЖШС-нің Болашақта кеңейту жобасы аясында Прорва ауданында жүктерді тасымалдау маршрутында (ЖТМ) жұмыстарын жүргізді;
-
жобаны іске асыру құны – 19,6 млн. АҚШ доллары.