Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kmg.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Қазақстан делегациясы Джейхан портына барып қайтты


Қазақстан делегациясы Джейхан портына барып қайтты

Қазақстандық мұнайды экспортқа шығару маршруттарын әртараптандыруды зерделеу шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, «KMG Trading», «ҚМГ Қашаган Б.В» және «KMG S&S» компанияларының өкілдері Адана қаласындағы (Түркия) Джейхан мұнай портына барып қайтты.

Делегация Джейхан портының өндірістік қуаттарымен, соның ішінде резервуар паркімен, химиялық зертханамен және мұнайды қабылдап алу және оның тиелімін жүргізу процесімен танысты.

Сондай-ақ, жұмыс іссапары барысында қазақстандық делегация сол мезгілде Джейхан портында тиелімі жүргізіліп жатқан ҚТКФ меншігіндегі «Алатау» танкерін қарап кетті.

17.11.2022

Back to the list