«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының Бас директоры Айдар Оржанов әріптестері мен олардың отбасын құттықтады.

«Биыл еліміз Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өтуде.

Конституция – бұл құқықтарымыз және бостандықтарымыздың, сондай-ақ жаңа Қазақстанның табысты болуының кепілі. Осы Ұлттық мерекемен құттықтаймын! Отанымыз нығайып, дами берсін!

Қазақтеңізкөлікфлоты өз жұмысын мұнай тасымалдаудан бастады. Сол себепті Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні біз үшін ерекше маңызға ие. Баршаңызды Мұнайшы күнімен құттықтаймын!» – деді ол.

Сонымен қатар Айдар Оржанов ҚТКФ қызметкерлеріне келесі марапаттарды табыстады:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Флотты техникалық пайдалану департаментінің жетекші-механигі (техникалық суперинтенданты) Темірүлан Сактапұлы Мәдибаев;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Флотты коммерциялық пайдалану департаментінің директоры Тұрлан Дүйсешұлы Медина;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Корпоративтік мәселелер жөніндегі топ басшысы Сәкен Сағатұлы;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағының Құрмет грамотасымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Заң департаментінің аға маманы (құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі) Еркін Серікұлы Мырзаханов;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағының Құрмет грамотасымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бизнесті дамыту департаментінің жетекші маманы (маркетинг және келесім шарттар жөніндегі) Бауыржан Аманжолұлы Жайғалиев;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағының Алғыс хатымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Сатып алулар және жергілікті қамтылым департаментінің аға маманы Тлеубек Рахатұлы Туребаев;

Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағының Алғыс хатымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қызметкерлер құрамын басқару департаментінің маманы Демко Антон Александрович.

Еске сала кетейік, Қазақтеңізкөлікфлоты Каспий теңізіндегі мұнай тасымалын 2001 жылы бастады, ал 2008 жылы ашық теңіз айдынына шықты. Осы жылдар ішінде шамамен 130 млн тонна мұнай тасымалданып, оның 40 миллионға дерлік тоннасы ашық теңіздерде тасымалданды.