Қазақтеңізкөлікфлотының қызметкерлері көп жылдық дәстүрді жалғастырып, 2020 жылдың 25 қыркүйегінде «Кәді» тарихи ескерткішінің аумағында сенбілік өткізді.

Сенбілік барысында қоқыс жинау және тарихи ескерткіш аумағын, сонымен қатар жақын маңды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Кәді» Маңғыстау облысында орналасқан XIV – XX ғасырлардағы тарихи ескерткіш.

Қазақтеңізкөлікфлоты халқымыздың мәдени-тарихи және рухани мұрасының бөлігі болып табылатын Маңғыстау облысының ескерткіштерін тиісті қалпында ұстауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.