«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Директорлар кеңесінің шешімімен Мәлік Оралұлы Сәулебай ҚТКФ Қадағалау кеңесінің құрамына сайланды.

2020 жылғы қыркүйек айына «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) Қадағалау кеңесінің құрамы:

  1. Марат Көшкінбайұлы Орманов (Қадағалау кеңесінің төрағасы);
  2. Азамат Аспандиярұлы Жанғұлов (Қадағалау кеңесінің мүшесі);
  3. Мәлік Оралұлы Сәулебай (Қадағалау кеңесінің мүшесі).

ҚТКФ Қадағалау кеңесінің жоғарыдағы құрамы 3 жылға сайланды.

Компания ҚТКФ Қадағалау кеңесінің алдыңғы құрамына, атап айтқанда Нұртас Нұрибекұлы Шманов пен Ахмед Бақтыбайұлы Рақымжановқа жемісті жұмысы және ҚТКФ дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдіреді.

ҚТКФ Қадағалау кеңесінің  жаңа мүшесі Мәлік Оралұлы Сәулебай ҚМГ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып табылады және оның мұнай мен газ саласында жұмыс тәжірибесі мол.