2020 жылдың 19 тамызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ   Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды.

Ақтау портында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) Бас директоры А.Оржанов Ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде ҚТКФ жұмысы және оның алдағы уақытта даму жоспарлары туралы баяндады.

ҚТКФ Бас директорының айтуынша ҚТКФ барлық жоспарланған өндірістік көрсеткіштері 7 ай қорытындылары бойынша асыра орындалды.

Бүгінде Ұлттық теңіз кеме компаниясына тиісті әртүрлі үлгідегі кеме саны – 25 бірлік, олардың жалпы салмағы – 340 мың тонна құрады.

ҚТКФ күшімен 2020 жылғы 7 ай бойынша тасымалданған мұнай:

– Каспий бойынша – 389 мың тонна немесе жоспарлы көрсеткіштің 123 %-ын;

– ашық теңіздерде – 5 миллион 218 мың тонна құрады, жоспардан асыру 167 % болды.

Бүгінде ҚТКФ бірнеше ірі жобаларға ойдағыдай қатысуда.

Соңғы жылдарда бірқатар ірі жобалардың бірі – ҚТКФ ТШО БКЖ қатысуы болды. Қазіргі таңда MCV үлгісінде үш кеме – «Барыс», «Бүркіт», «Сұңқар» (мамандандырылған көпбейінді кемелер), сондай-ақ осы жоба шеңберінде кеме жасауы Румыния мен Голландия зауыттарында жүзеге асырылған үш сүйреткіш – «Талас», «Ембі», «Ырғыз» ҚТКФ меншігі болып табылуда. Осы барлық кемелердің  кеме жасауы ҚТКФ қатаң қадағалауымен жүзеге асырылды.

Аталмыш жобаны іске асыру барысында 2018-2020 жылдар аралығында шамамен  90 ірі көлемді  модуль (57 000 тонна) тасып шығарылды.

Сондай-ақ, ҚТКФ KPI жобасына (Атырау қаласында мұнайхимиялық кешен құрылысы) қатысуда. Осы орайда, жобаға тартылған әртүрлі үлгідегі кеме саны 42 бірлік құрады: баржа – 6, өзен сүйреткіші – 24, теңіз сүйреткіші – 12.

Жоба шеңберінде 2020 жылғы сәуір-маусымда Қара теңіздегі Констанца портынан (Румыния) Атырау өзен портына дейін жалпы салмағы 3600 тоннаға жуық ірі көлемді жүктердің 25 бірлігі ойдағыдай тасымалданды.  Бұдан басқа, ҚТКФ KPI тапсырысы бойынша Атырау өзен портынан (Isker) Орал-Каспий бүйіне дейін арнаның 70 км бөлігінде батиметрикалық зерттеулерді жүргізді.

Бүгінде ҚТКФ Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік қатынасының теңіз операторы болып табылуда.  Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісі 2019 жылғы сәуір айында ашылды. Маршруттың іске қосылған бүкіл кезеңінде жиырма футтық эквивалент (ЖФЭ) есебімен 16 мыңнан аса контейнер тасып шығарылды. Оның ішінде 2019 жылы – 8 382, 2020 жылы – 8 мыңға жуық ЖФЭ тасымалданды. Осы ретте фидерлік желі Қытайдан Еуропаға дейін контейнерлік жүктердің жеткізілімін екі есеге дейін қысқартты.

ҚТКФ алдағы уақытта контейнерлік тасымал көлемін одан әрі ұлғайту бағытында жұмыстануда. Осы мақсаттарда ол  MCV үлгісінде 1 кемені жаңартуда.

ҚТКФ өз қызметін жүзеге асыру тарихында барлығы 150 млн тоннадан жоғары жүк түрлерін тасып шығарды.