2020 жылғы 17 қыркүйек күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау портында мұнайдың төгілуі жөнінен «Мұнайдың апатты жағдайда төгілуін тоқтату мен жою» тақырыбында оқу-жаттығуларына қатысты.
Оқу-жаттығулар аясында ҚТКФ-нің «ТК Актау» танкері тартылды.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша жүк тиеу жұмыстарын жүргізу технологиясы «бұзылды». Жоспар бойынша жүк танкілерінен шикі мұнайды құйып алу және сол шикі мұнайдың Ақтау портының төртінші айлағы аумағын ластауы қарастырылған.
Оқу-жаттығулар мақсаты: практикалық дағдыларды жетілдіру, Ақтау порты бөлімшелерінің өзара әрекеттесуін жаттықтыру және порт акваториясында мұнайдың төгілуін тоқтату мен жою үшін портты флоттың кемелерінің экипажы мен қызметкерлеріне табиғатты қорғау құрал-жабдығын қолдануды үйрету. Сонымен қатар «ТК Ақтау» танкері бортында өртті сөндіру, экипаж мүшелері мен борттан тыс қалған адамдарды эвакуациялау мен құтқару.

Оқу-жаттығуларды өткізу барысында
– жедел жайылатын қоршау бондарымен жұмыс істеу жөнінен практикалық дағдылар бойынша жаттықтырылды;
– мұнайдың төгілуін тоқтату мен жою жөнінен портты флоттың кемелерінің экипаждары практикалық дағдыларын жаттықты;
– операцияның барлық кезеңдерінде өзара әрекеттесуді және уақыт нормативтерін ұйымдастыру тексерілді;
– қалыптасқан ауа райы жағдайына, теңізге кеткен мұнайдың салмағына, ластану «дағының» су бетінде қаңғалақтауына, нақты орналасуына байланысты мұнайдың төгілуін тоқтату және жою кезеңдерінде жұмыстарды жүргізу жоспары таңдалды;
– жаттығуларға қатысушылардың әрекеттерін келістіру жүргізілді;
– акваторияны табиғатты қорғау құрал-жабдығын қолдана отырып, тазалау жөнінен жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Барлық бөлімшелер мен қатысушылар үйлескен түрде жұмыс істеді.
Оқу-жаттығулар мақсатына жетті.