Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатына сәйкес негізгі басым бағыттарының бірі қызметкерлердің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда ҚТКФ мыналарды батыл ұсынып, осылардың үгіт-насихатын жүргізеді:

  • адамның өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты өмірі мен денсаулық құндылықтарының басым мәнін;
  • бүкіл деңгейдегі басшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тартылуын және оқытылуын;
  • қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін дербес жауапкершілігін;
  • оқыс уақиғалар мен оқиғаларды болдырмау үшін қалыптастырылған тартымды қауіпсіздік мәдениетін;
  • бүкіл мүдделі тараптар арасындағы тиімді коммуникацияларды;
  • Жұмыстарды қауіпсіз орындау және қауіпті іс-қимылды жою.

ҚР заңнамасына және халықаралық теңіз практикасына сәйкес ҚТКФ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мына іс-шаралар мен жұмыстарды орындайды:

  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мына құжаттар әзірленіп, бекітілді: Саясаттар, нұсқаулықтар, қағидалар, рәсімдер, алтын қағидалар, қатерлерді сәйкестендіру және тәуекелді бағалау және т.б.
  • Жазатайым оқиғалардың орын алу, өндірісте жарақаттану, кәсіби науқасқа ұшырау және қоршаған ортаға залал келтіру жағдайларына жол бермеу;
  • Еңбек пен тынығудың қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру және оны тиісті деңгейде күтіп ұстау;
  • Кемелерде өрт алу және тұтану жағдайларына жол бермеу;
  • Жоғары экологиялық тәуекелдің туындауына әкеп соқтыратын біржолғы өнімді пайдалануды шектеу жолымен қалдықтардың пайда болуын мейлінше азайту;
  • Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде қоршаған орта компоненттеріне оралымды бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жолымен ластағыш заттектердің Каспий теңізінің акваториясына тасталуына жол бермеу.

ҚТКФ «Алтын қағидалары»

ҚТКФ «Алтын қағидалары» ҚТКФ Басқармасының хаттамасымен бекітілді.
ҚТКФ «Алтын қағидалары» – бұл озат мұнай-газ компанияларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында озық халықаралық іс-тәжірибесі негізінде әзірленген жұмыстарды қауіпсіз орындаудың негізгі талаптары болып табылады.
«Алтын қағидалар» талаптары оған қосымша ретінде әрқилы түрдегі жұмыстарды қауіпсіз орындаудың негізгі қағидаларын сақтау талабын қояды.
ҚТКФ бүкіл қызметкерлері еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ұстанушылықты жеке үлгі-өнегесімен көрсетуге тиіс.

Жұмысты тоқтату құқығына ие болу

ҚТКФ қызметкерлерге олардың немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде жұмыстарды орындаудан бас тарту заңды құқығына ие болатындығына кепілдік береді. Егер, Сіз адамдарға, қоршаған ортаға немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін қауіпті жағдайды, іс-әрекетті, қателіктерді, жаңылысқан жағдайларды немесе түсінбеушілікті байқасаңыз ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТЫҢЫЗ. Сіз осы іс-әрекетіңізге қатысты тәртіптік.