Бүгін, 9 мамыр күні, Ақтау қаласында, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК басшылығы майданда қаза тапқандарға құрмет көрсетті.

Салтанатты жағдайда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі Басқарушы директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Марат Көшкінбайұлы Орманов және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК басшылығы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою, сондай-ақ ардагерлерді құрметтеу іс-шарасы ҚТКФ қызметкерлері үшін дәстүрге айналған, ол «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының қолдауымен өткізіледі.