23 шілде күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметінің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары мен екінші жартыжылдыққа жоспарлары туралы жиналыс өтті. Қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуге көшуіне байланысты жиналыс видеоконференция байланысы форматында болды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Бас директордың орынбасарлары, Басқарушы директорлар жетекшілік етуші бағыттары бойынша баяндады.

Жиналыс барысында өндірістік-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек тәртібінің орындалу барысы, қызметкерлерді оқыту және біліктіліктерін арттыру, коронавирус инфекциясы (COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында қабылданған шаралар және т.б. туралы айтылды.

Өндірістік проблемалар, оларды шешу жолдары мен 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлар талқыланды.

– 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында биылғы жылдың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде жүзеге асырылды. ТЖ мен карантинге байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, Қазақтеңізкөлікфлоты межеленген жоспарлы көрсеткіштерді орындай алды, – деді «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов.

А.Оржанов атап өткендей, компания қызметінің басты мәселелерінің бірі флотты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Және де бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Бас директор сөзін аяқтай келе, компания мен флоттың әрбір қызметкерінің жұмысын атқарудағы дұрыс бағыты мен қосқан үлесі компанияның келешектегі табысының кепілі болатынын ескертті.