2019 жылдың 14 қазанында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қызметкерлерді басқару департаментінің маманы, Жастар кеңесінің мүшесі Антон Демко жұмыс берушілер мен университет түлектері арасындағы диалогтық кездесуге қатысты. Іс-шара Алматы қаласында «Тұран» университеті базасында Жастар апталығы аясында өтті. Оны «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлікшілер Одағы ұйымдастырды.

Кездесу барысында Антон Демко қатысушылардың көңілінен шыққан баяндама жасады.
Антон компанияның қызметі, кадрлар, әлеуметтік және жастар саясаты (ҚТКФ-да Жастар одағы жұмыс істейді) туралы айтты. Толығырақ, маман Қазақтеңізкөлікфлоттың негізгі жетістіктеріне, Қазақстанның мұнай өнеркәсібін дамытудағы компанияның рөліне және көлік-логистика саласына тоқталды.

– Мен ҚТКФ-ның тату және өшіл ұжымының мүшесі болғаныма қуаныштымын, – деп түйіндеді ол.
Тартымды баяндама жасағаны және «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлерінің Жастар апталығына белсене қатысқаны үшін Антон Демкоға Алғыс сертификаты табысталды.