COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай ешкімді бей-жай қалдырмайды. Әлемдегі және Қазақстандағы ірі компаниялар, шағын және орта бизнестің өкілдері денсаулық сақтау ұйымдарын түрлі шаралармен қолдауда: еріктілер рөлін атқаруда, медициналық қызметкерлер үшін тамақтануды ұйымдастыруда, жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаражат аударуда (медициналық маскалар, қолғаптар және т.б.).

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы коронавирус індетімен күресте алдыңғы шептегі – ауруханалар мен дәрігерлерге демеушілік көмектерін белсенді түрде көрсетуде. Осы кезеңде Қазақтеңізкөлікфлоты да шетте қалмады.

Маңғыстау облысындағы коронавирустық инфекция (COVID-19) және вирустық пневмониямен байланысты қиын жағдайды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС басшылықтары аймақтағы медициналық мекемелерді жалпы сомасы 320 млн. тенге құраған 20 дана өкпені жасанды желдету құрылғыларымен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Бүгін ӨЖЖ құрылғылары Ақтауға жеткізіліп, науқастарды қабылдайп отырған медициналық мекемелерге тарату үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов барлық медицина қызметкерлеріне шыдамдылық пен ұзақ ғұмыр, отандастарға – өз денсаулықтарына қырағы көзқараспен қарауды, науқас адамдарға – жеңіл емделу мен тез сауығып кетуге тілек білдірді.

А.Оржанов атап өткендей, ҚМГ және ҚТКФ осы құрылғылармен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерін оқытуды да қарастырған.

ӨЖЖ құрылғыларының сипаттамасы: SUPERSTAR S1100 өкпені жасанды желдету құрылғысы көптеген клиникалық жағдайларға байланысты ең жақсы опцияны таңдауға мүмкіндік беретін инвазивті және инвазивті емес желдетудің көптеген түрлерін қамтиды. Науқасты құралдан ажыратудың жеңілдетілген процесі дәрігердің жұмысын оңтайландырады, ал тікелей қол жеткізу батырмалары емделуші ахуалындағы өзгерістерге жедел көңіл аударуға мүмкіндік береді. Бұл ересектер мен балаларға операция кезінде немесе одан кейін тыныс алуды қолдауға немесе тыныс алу терапиясына, жүректің, өкпенің және мидың, жедел тыныс жетіспеушілігінің және т.б. қалпына келтіруге көмектесетін жақсы құрал.

Мониторинг параметрлерінің интерфейсі әрбір параметрді нақты көруге көмектеседі, сонымен қатар науқас адамға жағдайдың барлық аспектілерін білуге ​​мүмкіндік береді, емделушінің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көп деңгейлі микропроцессорлармен, оптикалық және акустикалық индикаторлармен жабдықталған. Құрылғының ыңғайлы құрастырылғаны соншалық, келесі адамға пайдалануға дайындық кезінде құрылғыны тез бөлшектеуге және дезинфекциялауға мүмкіндік мол.

Бұрын Қазақтеңізкөлікфлоты атынан облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) жеткізілген болатын: костюмдер, қауіпсіздік көзілдіріктері және қауіпсіздік жабық көзілдіріктері.