Қазақтеңізкөлікфлоты коронавирус инфекциясы және вирусты пневмониямен ортақ күресте Маңғыстау облысының атқарушы органдары мен тұрғындарына қолдау көрсетуін жалғастыруда. Таяуда облыс әкімдігі аймақ халқына арналған гуманитарлық жүкті жеткізу мақатында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК көмек сұраған болатын.

Маңғыстау облысы әкімдігінің өтінуімен Дағыстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі гуманитарлық жүкті жөнелтуге ықпал етті. Қайырымдылық жүктің ішінде медициналық маскалар, антисептиктер, медициналық қорғаныс костюмдері және «Каспер» комбинезондары бар.

ҚТКФ сырт қалмастан бұл жүкті облыс әкімдігінің өкілдеріне жеткізіп беру үшін Махачкаладан Ақтау портына тегін тасымалдады. Жүк ТК Ақтау танкерімен жеткізілді.