2019 жылғы 22 қазанда Тбилиси қаласында (Грузия) «Транскаспий халықаралық көлік қатынасы» халықаралық бірлестігі заңды тұлғалар қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.

Шараға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Марат Көшкінбайұлы Орманов қатысты. Жиналыс барысында қатысушылардың назарына Ақтау-Баку маршруты бойымен жүретін фидерлік тасымал қызметі бойынша ҚТКФ қызметі туралы есеп ұсынылды.

Фидерлік тасымал бойынша жұмыс басталғалы 2019 жылдың 3 тоқсанының аяғына дейін атаулы маршрут бойынша 25 айналмалы рейс жасалды.
Барлығы 2 389 бірлік контейнер тасымалданды, оның ішінде:

– 1 123 TEU;

– 1 266 FEU.

Сондай-ақ, кездесу барысында 2020 жылға арналған тарифтер қаралды, жүктерді тасымалдау және Қазақстаннан бойымен өтетін маршрут тарифтерін төмендету мәселелері талқыланды. Баку порты мен Ақтау және Құрық порттары арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.