Ағымдағы жылдың 24-25 мамырында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ғимаратында «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқуларына дайындық жөніндегі Каспий жағалауы мемлекеттері эксперттерінің кездесуі өтуде.

Кездесуде барлық Каспий жағалауы мемлекеттерінің тиісті қызметтері қатысатын алдағы оқулардың жалпы жоспары мен оның егжей-тегжейі талқылануда.
Оқулардың өту мақсаты – Каспий теңізі акваторийінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері бойынша Каспий жағалауы мемлекеттері арасында өзара қарым-қатынасты жақсарту, оңтайландыру.