2019 жылдың 13 қазаны күні Алматы қаласында қайырымдылық жартылай марафоны өтті. Шараға ҚТКФ флотты коммерциялық пайдалану департаментінің маманы Алмат Маштаков та қатысты. Қашықтықтан өтіп, ол тағы бір рет Қазақтеңізкөлікфлоты салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдеді.

ҚТКФ қызметкерлері үшін мұндай спорттық шараларға қатысу – дәстүрлі жағдай. Компанияда үнемі жарыстар ұйымдастырылып, ұжым марафондарға қатысып отырады.

Ұжым мүшелері салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жалаң сөз жеткіліксіз екенін жақсы біледі. Нақты әрекеттер қажет. Сондықтан, Алмат Маштаков марафонға қатысу арқылы спортқа деген бейімділігін дәлелдеуге шешім қабылдады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 21 шақырымдық жүгіріске 5000-ға жуық адам қатысты. Олар – Қазақстанның «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана», BI Group, Kaz Minerals сияқты ірі компаниялардың өкілдері. Сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Германия, Чехия және басқа елдерден де қатысушылар болды.