КІРІСПЕ

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 желтоқсандағы №1239 Қаулысымен құрылды. Қоғамның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының 2004 жылғы 16 ақпандағы шешімімен 45 950 мың теңгеге дейін ұлғайды. Қаржы көмегінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі №98-28, 2007 жылғы 20 маусымдағы №140-28 шарттары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ» ҰК АҚ) тарапынан 3 929 375 мың теңге сомасында уақытша алынған қаржы көмегі ҚТКФ жарғылық капиталына қайта құрылымдалды. 2009 жылғы 29 желтоқсанда «Бағалы қағаздардың тіркелімдік жүйесі» АҚ есептемелеріне сәйкес мәмілені жасасу аяқталды. ҚТКФ жарғылық капиталы 45 950 мың теңгеден 3 975 325 теңгеге дейін ұлғайды. 2010 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының қаржылық реттеу мен қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі агенттігі ҚТКФ бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыруды жүргізді. Акциялардың жалпы саны  3 975 325 данадан 11 575 721 дана жай акцияға дейін ұлғайды.

2013 жылғы 21 қазанда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС болып қайта құрылды («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ДК 20.06.2013 жылғы № 9/2013 хаттамасының 3-тармағы).

Қазіргі уақытта ҚТКФ мына қызмет түрлерін жүзеге асыруда: мұнайды теңіз арқылы тасымалдау, экспедиторлық қызметтерді ұсыну, сервистік флот қызметтерін ұсыну, теңіз операцияларын қолдау флотының қызметтерін ұсыну және кеңсе орын-жайларын жалға беру.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау ретінде мұнайды Каспий маңы елдеріне Махачкала (Ресей), Баку (Әзірбайжан), Түрікменстан порттарына және ашық теңізде тасымалдау болды.

ҚТКФ активтерінің құрылымын:

  • сауда флоты: әрқайсысының салмағы 12 000 тонналық «Астана», «Алматы» және «Ақтау», әрқайсысының салмағы 12 000 тонналық «Атырау», «Ақтөбе», «Орал», сондай-ақ әрқайсысының салмағы 115 000 тонналық «Афрамакс» үлгісіндегі – «Алатау» мен «Алтай»;
  • теңіз операцияларын қолдау флоты (ТОҚФ): 12 бірлік – «Есіл», «Тобыл», «Орал», «Ертіс», магистральдық сүйреткіштер, жүккөтерімдігі 3 600 тонналық «ҚМГ» топтамасындағы 8 баржа-алаңша;
  • «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасына қатысуға арналған флот: MCV жіктеліміндегі «Барыс», «Бүркіт» және «Сұңқар» кемелері, «Талас», «Ембі», және «Ырғыз» 3 сүйреткіші құрады.

 

Компания активтері туралы қысқаша ақпарат

р/н «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС құрылымындағы ұйымның атауы Үлесі Консолидация құрамында болуы Консолидация әдісі (толық, барабар, үлестік қатысуы, құны)
1 Kazmortransflot Ltd 100% иә толық
2 Kazmortransflot UK Ltd 100% иә толық
3 Alatau Shipping ltd 100% иә толық
4 Altai Shipping ltd 100% иә толық

 

 

КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

  1. Өндірістік бағдарлама

Шоғырландырылған көрсеткіштер

(мың тонна)

Көрсеткіштер 2015г. 2016г. 2017г. 2018г. Жыл бойынша өсу қарқындылығы
факт факт факт план факт
А 1 3 4 5 6 7 8=4/3 9=7/6 10=7/5
1 Барлығы мұнайды тасымалдау,  соның ішінде: 7 033 7 082 6 951 6 631 7 077 101% 107% 102%
1.1  Каспий теңізі бойынша 2 724 2 875 2 480 2 311 2 738 106% 118% 110%
1.1.1 Ақтау-Махачкала бағыты бойынша 1 115 1 611 662 540 1 875 144% 347% 283%
1.1.2  Ақтау-Баку бағыты бойынша 915 33 234 0 0 4% 0%
1.1.3 Түрікменстан-Баку бағыты бойынша 694 1 072 137 1 771 0 155% 0% 0%
1.1.4 Махачкала (Ю.Корчагин)-Баку бағыты бойынша 0 159 1 447 0 863 60%
1.2 Ашық теңіз бойынша 4 308 4 206 4 471 4 320 4 339 98% 100% 97%
1.2.1 Қара теңіз бағыты бойынша 2 175 2 968 3 024 2 880 1 861 136% 65% 62%
1.2.2 Қара теңізден тысқары жерлерге 2 133 1 238 1 447 1 440 2 478 58% 172% 171%

 

Мұнайды тасымалдау

ҚТКФ 2018 жыл бойынша жалпы тасымалдау көлемі 7 077 мың тонна мұнайды құрады немесе жоспарлы көрсеткішке қатысты 107% (6 631 мың тонна) болды.

Каспий теңізі бойынша тасымалдау көлемі 2018 жылы 2 738 мың тонна мұнайды немесе жоспардың 118%-ын (2 311 мың тонна) құрады. Мұнай тасымалдау көлемдерінің өсімі Махачкала порты (Ресей) бағытында Belvion group Ltd компаниясы жүкжөнелтушісінің қосымша ресурстарымен қамтамасыз етілді. ҚТКФ 2018 жыл бойынша осы желіде өз меншігіндегі «Атырау» танкерін пайдаланды, сондай-ақ жалға алу арқылы «Абай» және «Қазақстан» қазақстандық танкерлері тартылды.

Ашық теңіз бойынша 2018 жыл бойынша тасымалдау көлемі 4 339 тонна мұнайды немесе жоспардың 100%-ын (4 320 мың тонна) құрады. 2018 жылғы 30 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KMG International N.V. және ҚТКФ арасында жеткізілім мен тасымал туралы Негіздемелік келісім жасасты, осы орайда жүкжөнелтушілерден қосымша көлемдер алынды.

 

  1. Негізгі шоғырландырылған қаржы-экономикалық көрсеткіштер

(млн.теңге)

Көрсеткіштер 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. жыл бойынша өсу қарқындылығы
нақты нақты нақты жоспар нақты
А 1 3 4 5 6 7 8=4/3 9=7/6 10=7/5
1 Кірістер, соның ішінде: 20 175 23 031 23 832 31 238 44 562 114% 143% 187%
1.1 Негізгі қызметтен түскен кірістер 19 741 22 457 22 506 31 137 43 092 114% 138% 191%
1.2 Қаржыландырудан түскен кірістер 112 344 52 33 46 307% 142% 88%
1.3 Негізгі емес қызметтен түскен кірістер 322 230 1 274 68 1 424 71% 2088% 112%
2 Шығыстар, соның ішінде: 18 403 22 536 23 758 26 786 38 104 122% 142% 160%
2.1 Өзіндік құны 15 013 17 716 19 642 22 555 29 153 118% 129% 148%
2.2 Жалпы және әкімшілік шығыстар 2 065 2 515 2 291 2 896 3 155 122% 109% 138%
2.3 Сатып өткізу бойынша шығыстар 80 54 40 65 194 68% 298% 485%
2.4 Қаржыландыру бойынша шығыстар 1 185 1 502 1 138 1 206 2 134 127% 177% 188%
2.5 Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар 60 749 647 64 3 468 1248% 5385% 536%
3 Салық салынғанға дейін табыс (шығындар) 1 772 495 74 4 451 6 458 28% 145% 8727%
4 КТС бойынша шығыстар 512 -1 978 321 1 799 3 515 -386% 195% 1095%
5 Жиынтық табыс 1 260 2 473 -247 2 652 2 943 196% 111% -1191%
6 Күрделі қаржы жұмсалымы 2 199 1 188 29 265 11 548 11 934 54% 103% 41%

 

ҚТКФ 2018 жылғы кірістері 44 562 млн теңгені құрады, бұл жоспардың 143%-ы болды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңіне қатысты кірістер 187% болды.

ҚТКФ негізгі емес қызметінен түскен кірістері 2018 жылы 43 092 млн теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштің 138% болды. Көрсеткіштердің өсуі өндірістік бағдарламаның 107 %-ға атқарылуына, сондай-ақ ашық теңізде жалға алудың нақты тарифтерінің өсуінен болды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңіне қатысты кірістер 191% болды.

Қаржыландырудан түскен кірістер есепті кезеңде  46 млн.теңгені құрады немесе жоспардың 142%-ы болды.

Негізгі емес қызметтен түскен кірістер ағымдағы жылғы есепті кезеңде 1 424 млн.теңгені құрады.

ҚТКФ бойынша 2018 жыл бойынша шығыстар 38 104 млн теңгені құрады, бұл жоспардың 142 % болды. Осыған ұқсас кезеңге қатысты шығыстар 160% болды.

ҚТКФ негізгі қызметі бойынша  2018 жылғы шығыстар 29 153 млн теңгені құрады немесе жоспардың 129%-ы болды. Шығыстардың өсуі жүкжөнелтушілерден Ақтау-Махачкала бағыты бойынша және Қара теңізден тысқары тасымалданатын қосымша ресурстармен, осыған сәйкес танкерлерді жалға алумен байланысты болды, осы орайда рейстік чартерлерге және порттық алымдарға қосымша шығыстар туындады. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда тиісінше шығыстардың өсуі байқалды.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 2018 жылы 3 155 млн теңгені құрады немесе 109% болды. Осыған ұқсас кезеңге қатысты шығыстар 138% болды.

Сатып өткізу бойынша шығыстар 194 млн.теңгені құрады немесе  жоспардың 298%-ы болды. Шығыстардың жоспардан тыс асырылуы брокерлік комиссия шығыстары бойынша туындады және флот бірліктерін жалға алумен, сондай-ақ меншікті флот (Алтай мен Алатау) үшін ашық теңіздерде мұнай тасымалдау қызметтері үшін клиенттерді іздестірумен байланысты болды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығыстар 485 % болды.

Қаржы шығыстары 2 134 млн.теңгені құрады немесе жоспардың 177 %-ы болды.  Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығыстар валютаның орташа бағамының өсуі салдарынан 188% болды.

Негізгі емес қызмет шығыстары  3 468 млн.теңгені құрады.

Жиынтық табыс  2018 жылы 2 943 млн.теңгені құрады немесе жоспардың   111%-ы болды. Өсім мыналардың нәтижесінде байқалды:

  • Махачкала порты (Ресей) бағытында және Қара теңізден тысқары тасымалдауда өндірістік бағдарламаны (Негіздемелік келісімге сәйкес) орындау;
  • World Scale тарифтік шәкілі деңгейінің өзгеруіне байланысты ашық теңіздер бойынша нақты орташа тарифтің өсуі;
  • Каспий теңізі бойынша модульдерді тасымлдау бойынша ТШО Болашақ кеңейту жобасын іске асыру.

Сондай-ақ, 2018 жылы кейінге қалдырылған 2 192 млн.теңге мөлшерінде салықтың туындауы орын алды, нәтижесінде бухгалтерлік есептің теңгерімдік құны мен салық есебінің баланстық құны арасында айырмашылық байқалды.

Күрделі қаржы жұмсалымы  2018 жылы 11 934 млн.теңгені құрады немесе жоспардың 103%-ы болды.