ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік:
Біз алға қадам басамыз
КІРІСПЕ
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 желтоқсандағы №1239 Қаулысымен құрылды.
2013 жылғы 21 қазанда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС болып қайта құрылды («ҚазМұнайГаз» ҰК АҰ Директорлар кеңесінің 20.06.2013 жылғы № 9/2013 хаттамасы, 3-тармақ). 2020 жылғы желтоқсанның 31-і күніне ҚТКФ жарғылық капиталының мөлшері 11575721 мың теңгені құрады.
Компания теңіз, каботаждық тасымалдың ұлттық операторы болып табылады және Каспий теңізінің акваториясында Казақстан атынан мүдделік танытады. Қазіргі уақытта ҚТКФ мына қызмет түрлерін жүзеге асырады: мұнайды теңіз арқылы тасымалдау, экспедиторлық қызметтерді ұсыну, сервистік флот қызметтерін, теңіз операцияларын қолдау флотының қызметтерін ұсыну, кеңсе орын-жайларын жалға беру.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау ретінде мұнайды Каспий маңы елдері Махачкала (Ресей), Баку (Әзірбайжан), Түрікменстан порттарына және ашық теңіздерде тасымалдау болып табылады.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС активтерінің құрылымын мыналар құрады:
Компания активтерінің құрылымы туралы қысқаша ақпарат
№ р/н | «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС құрылымындағы ұйым атауы | Үлесі | Консолидация құрамында болуы | Консолидация әдісі (толық, барабар, үлестік қатысуы, құны) |
---|---|---|---|---|
1 | Kazmortransflot Ltd | 100% | иә | толық |
2 | Kazmortransflot UK Ltd | 100% | иә | толық |
3 | Alatau Shipping ltd | 100% | иә | толық |
4 | Altai Shipping ltd | 100% | иә | толық |
КОМПАНИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1. Өндірістік бағдарлама
(мың тонна)
№ р/н | Көрсеткіштер | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | Өсу қарқындылығы | ||
нақты | нақты | нақты | жоспар | нақты | ||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7=6/5 | 8=6/4 |
1 | Барлығы мұнай тасымалдау, соның ішінде | 6 951 | 7 077 | 10 728 | 5 580 | 8 990 | 161% | 84% |
1.1 | Каспий теңізі бойынша | 2 480 | 2 738 | 543 | 540 | 629 | 117% | 116% |
1.1.1 | Ақтау-Махачкала бағыты бойынша | 662 | 1 875 | 505 | 540 | 533 | 99% | 106% |
1.1.2 | Ақтау-Баку бағыты бойынша | 234 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||
1.1.3 | Түрікменстан-Махачкала бағыты бойынша | 137 | 0 | 38 | 0 | 23 | 59% | |
1.1.4 | Махачкала (Ю.Корчагин)-Баку бағыты бойынша | 1 447 | 863 | 0 | 0 | 74 | ||
1.2 | Ашық теңіздерде | 4 471 | 4 339 | 10 185 | 5 040 | 8 361 | 166% | 82% |
1.2.1 | Қара теңіз бағытында | 3 024 | 1 861 | 3 678 | 2 880 | 3 420 | 119% | 93% |
1.2.3 | Қара теңізден тысқары бағытта | 1 447 | 2 478 | 6 507 | 2 160 | 4 941 | 229% | 76% |
Мұнайды тасымалдау
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 2020 жыл бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 8 990 мың тонна немесе жоспар көрсеткішіне қатысты 161% (5 580 мың тонна) құрады.
Каспий теңізі бойынша 2020 жыл бойынша мұнай тасымалдау көлемі 629 мың тонна немесе жоспардың 117%-ын құрады (540 мың тонна). Сайып келгенде қазақстандық мұнайдың Ақтау портынан Махачкала портына дейін танкерлік тиелімі «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының ресурстары есебінен жүзеге асырылды.
Ашық теңіздерде 2020 жыл бойынша мұнай тасымалдау көлемі 8 361 мың тонна болды немесе жоспардың 166%-ын (5040 мың тонна) құрады. 2018 жылғы қазанның 30-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KMG International N.V.» және ҚТКФ арасында жеткізілім және тасымал туралы Негіздемелік келісім жасасты, ол мұнайды ашық теңіздерде тасымалдаудың өндірістік көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігін берді, осы орайда жоспарланған көрсеткішпен салыстырғанда жоспарды асыра орындау байқалды.
2. Негізгі шоғырландырылған қаржы-экономикалық көрсеткіштер
(млн.теңге)
№ р/н | Көрсеткіштер | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | Өсу қарқындылығы | ||
факт | факт | факт | план | факт | ||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7=6/5 | 8=6/4 |
1 | Кірістер, соның ішінде: | 23 832 | 44 562 | 97 293 | 51 271 | 75 481 | 147% | 78% |
1.1 | Негізгі қызметтен түскен кірістер | 22 505 | 43 092 | 96 246 | 51 186 | 73 962 | 144% | 77% |
1.2 | Қаржыландырудан түскен кірістер | 52 | 46 | 125 | 23 | 128 | 557% | 102% |
1.3 | Негізгі емес қызметтен түскен кірістер | 1 274 | 1 424 | 922 | 62 | 1391 | 2244% | 151% |
2 | Шығыстар, соның ішінде: | 23 758 | 38 104 | 91 584 | 36 621 | 67 969 | 186% | 74% |
2.1 | Өзіндік құны | 19 642 | 29 153 | 72 783 | 32 014 | 51 984 | 162% | 71% |
2.2 | Жалпы және әкімшілік шығыстар | 2 291 | 3 155 | 2 801 | 2 887 | 3 114 | 108% | 111% |
2.3 | Сатып өткізу бойынша шығыстар | 40 | 194 | 1 145 | 38 | 690 | 1816% | 60% |
2.4 | Қаржыландыру шығыстары | 1 138 | 2 134 | 1 877 | 1 620 | 1 254 | 77% | 67% |
2.5 | Негізгі емес қызметтен болған шығыстар | 648 | 3 468 | 12 978 | 62 | 10 927 | 17624% | 84% |
3 | Салық салынғанға дейін табыс шығындар | 74 | 6 457 | 5 709 | 14 649 | 7 512 | 51% | 132% |
4 | КТС бойынша шығыстар | 321 | 3 515 | 1 876 | 2920 | 1 815 | 62% | 97% |
5 | Жиынтық табыс | -247 | 2 942 | 3 833 | 11 729 | 5 697 | 49% | 149% |
6 | Күрделі қаржы жұмсалымы | 29 265 | 11 934 | 1 359 | 551 | 267 | 48% | 20% |
ҚТКФ 2020 жылғы кірістері 75 481 млн теңгені, бұл жоспарлы көрсеткіштің 147 %-ын құрады. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңі бойынша кірістер 78 % құрады.
ҚТКФ 2020 жыл бойынша негізгі қызметінен түскен кірістері 73 962 мың теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштің 144 %-ын құрады. Бұл өндірістік бағдарламаның 61 %-ға орындалуыен байланысты болды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңіне кірістер 77 % құрады.
Есепті кезең бойынша қаржыландырудан түскен кірістер 128 млн теңгені немесе жоспарлы көрсеткіштің 557 %-ын құрады.
Ағымдағы жылғы есепті кезеңде негізгі емес қызметтен түскен кірістер 1 391 млн теңгені құрады.
2020 жыл бойынша ҚТКФ шығыстары 67 969 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштің 186 %-ын құрады. Осыған ұқсас кезеңге қатысты шығыстар 74 % құрады.
ҚТКФ 2020 жыл бойынша негізгі қызметінің шығыстары 51 984 млн теңгені немесе жоспардың 162 %-ын құрады. Бұл жүкжөнелтушілердің Ашық теңіздерде тасымалдауды жүзеге асырудың қосымша ресурстарына ие болуына байланысты болды, осыған сәйкес танкерлер жалға алынып, рейстік чартерге қосымша шығыстар жұмсалды.
2020 жыл бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар 3 114 млн теңгені немесе немесе 108 % құрады. Осыған ұқсас кезеңге қатысты шығыстар 111 % құрады.
Сатып өткізу бойынша шығыстар 690 млн теңге болды. Асырылған шығыстар брокерлік комиссия шығыстары бойынша туындады және бұл теңіз операцияларына флоттың жалға алынған бірліктерін тартумен, сондай-ақ меншікті флот (афрамакс үлгісіндегі «Алтай», «Алатау» кемелері) үшін, ашық теңіздерде мұнай тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну үшін клиенттерді іздестірумен байланысты болды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығыстар 60 % құрады.
Қаржы шығыстары 1 254 млн теңгені немесе жоспардың 77 %-ын құрады. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығыстар орташа валюта бағамының төмендеуіне байланысты 67 % құрады.
Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар 10927 млн теңгені құрады. 2020 жылы компания кемелеріне қатысты құнсыздану есептеп шығарылды.
ҚТКФ 2020 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінде қорытынды табысы жоспарлы деңгей жағдайында 11 729 млн.теңгені құрады. Орындамаушылықтың негізгі себептерінің бірі "Barys", "Berkut", "Sunkar" MCV кемелеріне және өзге активтерге қатысты құнсыздану 10 491 млн.теңге сомасында есептеп шығарылды.