Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kmg.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Әлеуметтік және жастар саясаты


Қызметкерлер үшін оңтайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатаныстарын бір ізге салу мақсатында ҚТКФ бойынша материалдық көмек түрлері көрсетіліп, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру жыл сайынғы негізде жүргізілуде.

ҚТКФ ұжымында әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту үшін ҚТКФ Бас директорының еңбек ұжымымен есепті кездесулері өтті. ҚТКФ функционалдық блоктары мен бизнес-бағыттарының басшылары өздері жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс процестерін неғұрлым терең талқылау жне туындаған проблемаларды дер кезінде шешу үшін басқосуларды тоқсан сайын өткізіп отырды.

Еңбекке ақы төлеу қағидасына сәйкес материалдық ынталандыру мақсатында ҚТКФ қызметкерлеріне мерекелер қарсаңында сыйлықақы берілді.

ҚТКФ бойынша әлеуметтік тұрақтылық компанияда бекітілген ішкі құжаттармен және Жалғыз қатысушы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұсынымдарымен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай мезгілінде короновирус жұқпасының алдын алу және оның одан әрі ушықпауына ден қою бойынша шаралар уақтылы алынып отырды.

ҚТКФ өз қызметін жүзеге асыру барысында өңірдің қоғамдық мәнге ие іс-шараларына қол үзбей қатысты.

ҚТКФ ұжымы, соның ішінде Жастар кеңесінің мүшелері Алматы және Ақтау қалаларында тұратын ҰОС ардагерлерін Жеңіс күні қарсаңында құттықтап, оларға құттықтау хаттарын, сондай-ақ азық-түлік пен кәде сыйлықтарды, атаулы көмекті және гүл шоғырларын жыл сайын табыс етуде.

ҚТКФ ұжымы әртүрлі қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысып келеді. Осы сияқты іс-шаралардың бірі ретінде Маңғыстау облысының елді мекендері үшін жем-шөп сатып алуға және оның жеткізілімін жүргізуге өз еркімен ақшалай қаражат жиналды. Осы науқан барысында ҚТКФ қызметкерлері өңірдегі фермерлерге көмек ретінде шамамен 3 млн теңге ақша жинап берді.

Бәйтерек ауданының «Авангард» ЖШС аграрлық фирмасының қолдау көрсетуімен Маңғыстау облысының Шетпе елді-мекеніне жем-шөп тиелген бес автокеруен келіп жетті, жем-шөп қуаңшылықтан зардап шеккен жергілікті фермерлерге таратып беру үшін аудан әкімшілігіне табыс етілді.

Каспий күнін мерекелеу аясында 12 тамызда ҚТКФ қызметкерлері сенбілік өткізді. Сенбілік барысында науқанға қатысушылар Каспий теңізінің жағалауын қоқыстан тазалауға атсалысты. Науқанның мақсаты - тұрғындардың назарын Каспий теңізінің экологиясына аудару болды.

Бүгінде ҚТКФ қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша жүргізілген волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуда.