Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Жүк тасымалы Транскаспий маршруты бойынша алты есеге артатын болады


2022 жылғы 9 мамырда Анкара қаласында (Түркия) «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығының отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар қауымдастық жұмысының 2021 жыл бойынша есептемесін, ТХКМ даму стратегиясын, тасымал көлемдерін, 2022 жылғы маркетинг жоспары мен тариф саясатын талқылады.  

Үстіміздегі жылы контейнерлік тасымал өсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 50 мың ДФЭ дейін болмақшы. Болжам деректері бойынша осы жылы тасымал көлемдері алты есеге, яғни 3,2 млн. тоннаға дейін өспекші. Осы орайда, 2022 жылғы 4 айда ТХКМ маршруты бойынша жүк тасымалының көлемі 733 мың тонна немесе 5 мың вагоннан және 10 мың ДФЭ контейнерлерінен жоғары болғанына баса назар аударған жөн. Іс-шаралар қорытындылары бойынша ТХКМ маршруты бойынша тасымал көлемдерінің елеулі ұлғайып отырғанын ескере отырып, тасымалды іркіліссіз қамтамасыз ету үшін бірлескен кешенді шаралар келісілді.

Анықтама үшін:

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) жолы Қытай, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия мен Қара теңіз арқылы өтіп, одан әрі Еуропа елдері арқылы жалғасады. «ТХКМ» қауымдастығы мүшелерінің қатарын темір жол әкімшіліктерін, порттарды, 8 мемлекеттің кеме және логистикалық компанияларын қосқанда, 20 компания құрайды.

Тізімге оралу