Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Жапон делегациясы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС жұмыс іссапармен келіп кетті


Ағымдағы жылғы қазанның 20-ы күні Қазақстан Республикасы көліктік-логистикалық инфрақұрылымының қызметімен танысу үшін Жапония Сыртқы істер министрлігінің өкілі У.Хираями бастаған жапон делегациясы Ақтау қаласына жұмыс іссапарымен келіп кетті.

Жұмыс іссапары барысында делегация ҚТКФ флотының жұмысымен танысты, мұнай, құрғақ жүктер, контейнерлер тасымалы, сондай-ақ Жапониядан әлемдік нарыққа жүктердің экспорты үшін кеңінен қолданылып отырған Сібір маршрутына баламалы ТХКМ маршруты туралы мәселелер пысықталды.

Басқосу аяқталысымен тараптар талқыланған барлық мәселелер бойынша кері байланысты орнату туралы уағдаласты.

Тізімге оралу