Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС «AD Ports Group» компаниясымен (БАӘ) өзара жасасқан келісімге қол қойды


Ағымдағы жылғы желтоқсанның 27-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Марат Орманов және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Айдар Оржанов «AD Ports Group» компаниясының қызметімен танысу үшін БАӘ, Абу-Даби қаласына жұмыс іссапарымен барып қайтты.

Жұмыс іссапары шеңберінде делегация 2012 жылы қатарға қосылып, пайдалануға берілген Абу Даби Халифа портына, портқа іргелес аумақта орналасқан Khalifa Economic Zone Abu Dhabi (KEZAD) – КЕЗАД еркін экономикалық аймаққа, сондай-ақ «AD Ports Group» компаниясының Теңіз операцияларын қолдау базасына барып қайтты.

Жүргізілген келіссөз қорытындылары бойынша AD Ports Group Теңіз Көлігі және Операциялар Кластері құрамындағы «Safeen Group» компаниясының Бас директоры Аммар аль Шейба және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бірлескен кәсіпорын құру туралы Акционерлік келісімге қол қойды.

Аталмыш келісімге қол қою рәсіміне М. Мырзағалиев мырза және «AD Ports Group» компаниясының Бас директоры Мохамед Жума аль Шамиси қатысты.

Жаңадан құрылғалы отырған бірлескен кәсіпорын Каспий теңізінде теңіз мұнай-газ жобалары үшін қызметтерді ұсынуы жоспарлануда. Сондай-ақ, «AD Ports Group» компаниясы Каспий теңізі мен ашық теңізде сауда және танкерлік флот бірліктерінің кеме жасауына және оларды сатып алуға инвестицияларды тарту мәселесіне мүдделік танытты.

 *анықтама үшін

AD Ports Group (ADP) Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы ретінде Абу-Даби экономикасының әртараптандырылған негізгі секторларын қамтитын, өңір бойынша ірі кәсіпорындардың кең қоржынына ие ірі холдингтік компаниялардың бірі болып табылады. ADP 10 порт пен БАӘ және Гвинеяда терминалдарды, сондай-ақ 550 шаршы метрден астам өнеркәсіптік аймақты меншіктене әрі басқара отырып, Абу-Дабу қаласын бүкіл әлем бойынша байланыстыруда және осының нәтижесінде сауда-саттықты үдете түсуде. Порттық кластер Абу-Даби, Зайед, Халифа, Мусаффа, Мухаррак, Сила және осыларға іспеттес порттармен кеңінен танылуда.


Тізімге оралу