Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ ұжымы «Мен донормын» акциясына қатысты.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ донорлық көмекке мұқтаж отандастарды қолдау мақсатында Қазақтеңізкөлікфлотының қызметкерлері ұйымшылдықпен «Мен донормын» акциясына қатысты.

Коронавирустық індеттің басталуымен елде донорлық қозғалыс дағдарысы туындағаны белгілі болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында «Мен донормын» акциясы басталған болатын.

Донор болу – бұл ҚТКФ қызметкерлерінің жылдар бойы қолдау көрсетіп келе жатқан қайырымдылық шарасы.

ҚТКФ ұжымы үшін түрлі қайырымдылық шараларға қатысу дәстүрге айналды. Осы тұрғыда Маңғыстау облысындағы мұқтаж науқастарға көмек қолын созып жүрген барлық әріптестерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу