Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ ұжымы Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік жалақыны аудару туралы шешім қабылдады


24 маусым күні таңертең Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімінің қоймасында өрт шығып, оның соңы жарылысқа ұласқан болатын. Оқиға салдарынан Арыс қаласының тұрғындары эвакуацияланды.

Қазақтеңізкөлікфлоты ұжымы Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен отандастарына көмек көрсету үшін бір күндік жалақыны аудару туралы шешім қабылдады.

«Әлеуметтік жауапкершілік - біздің компания саясаты қағидаларының бірі болып табылады. Біз барлық ұлттың, кез келген мамандық өкілдерінің бірігуін қажет ететін оқиғалар болған кезде қалыс қалмауға тырысамыз. Сондықтан оқиға туралы естігенде қызметкерлер бір ауыздан отандастарға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады,» - деп атап өтті «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директорының орынбасары Виктор Сагитович Черкасский.

Тізімге оралу