Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ ҰТКҚК Бас директоры А.Е. Оржанов 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен ұжым аруларын құттықтады


Ғасырдан астам уақыт бойы көптеген елдер 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесін атап келеді. Қазақстанда да бұл – мемлекеттік мереке.

Биылғы жылы халықаралық әйелдер күні қарсаңында дәстүр бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директор Оржанов Айдар Есенжанұлы бастаған ұжымның ер азаматтары 8 наурыз көктемгі әйелдер мерекесімен ұжым аруларын құттықтады!

Компанияның Бас директоры өз құттықтау сөзінде «Нәзік жандардың көңілін, сүйіспеншілігін баулау үшін ежелгі заманнан бері теңізшілер өзендер мен теңіздерді шарлап, мұхиттарды бағындырып, тереңдікке де түсіп, ерлік көрсетуде. Әйел адамның сұлулығын әдемі сөздермен сипаттап жеткізу мүмкін емес.

Осы тамаша мерекеде Сіздерге бақыт, денсаулық, өркендеу, сәттілік,  туыстарыңыз бен достарыңыздың, әріптестеріңіздің шексіз ілтипатын тілейміз!» деп атап өтті.

Сондай-ақ, мереке аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Алғыс хаттарымен құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы Гаракеева Меруерт Сәуірбайқызы мен еңбек және экология қауіпсіздігі және сапа департаментінің аға маманы Ұлықпанова Айгүл Нұрашқызы марапатталды.

Тізімге оралу