ҚТКФ ҚМГ ішкі корпоративтік коммуникацияларды талқылауға қатысты
13 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобының баспасөз қызметі қызметкерлеріне арналған ақпараттық-білім беру тимбилдингі өтті. Оған «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК атынан ҚТКФ Бас директорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі Кеңесшісі Динара Жұмашева қатысты.
Іс - шара үш негізгі блоктан тұрды - бұл ақпараттық жұмыс тақырыбында семинар-дәріс, «әлеуметтік желілердің ерекшеліктері. Құрал-саймандар. Негативпен жұмыс істеу блогы» және командалық жұмысты нығайту бойынша фасилитациялық сессия.
Кездесудің негізгі мақсаты - корпоративішілік коммуникацияларды күшейту, іс-әрекеттердің келісілу деңгейін арттыру.
Әлеуметтік желілердегі жұмыстың ерекшеліктері туралы PR саласындағы танымал қазақстандық маман Ринат Балғабаев, ал командалық жұмысты нығайту құпиялары туралы бизнес – жаттықтырушы Ерлан Мұстафин баяндады.
15.07.2019