Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ мен ADP бірлескен кәсіпорын құру шеңберінде түбегейлі мәселелер туралы Келісімге қол қойылды


Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (бұдан әрі – ҚТКФ) Abu Dhabi Ports компаниясымен (бұдан әрі – ADP) мұнай теңізіндегі операциялар бойынша бірлескен кәсіпорын құру шеңберінде ҚТКФ Бас директоры Айдар Оржанов пен ADP Maritime Cluster Бас директоры капитан Мактум Мохаммед Джума Саед Альхукани принциптер туралы Келісімге қол қойды.
Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқармасы төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдулгафаров, ҚМГ Тасымалдау және логистика департаментінің директоры Марат Орманов қатысты.
Құжат құрылатын бірлескен кәсіпорынның тұжырымдамасын, егжей-тегжейлері мен жұмыс шарттарын анықтау бойынша ҚТКФ мен ADP арасындағы келіссөздерді одан әрі жүргізуді қарастырады.

Тізімге оралу