Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Флотты техникалық пайдалану қызметінің басшысы Нұржан Төлегенұлы Жұмаев Қазақстан мұнай-газ саласының ТОП-30 жас көшбасшыларының қатарына кірді


Басшы қызметтерді, мұнай-газ саласындағы өндіруші компаниялар сияқты бизнесте жауапты қызметтерді атқаратын жас мамандармен ұдайы таныстырып отыратын Petrocouncil.kz жыл сайынғы шолуында осы турасында мақала жариялады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкері Н.Т.Жұмаев мұнай-газ саласында жас көшбасшылардың тізіміне енгізілді. Нұржан Төлегенұлы ҚТКФ еңбек жолын 2008 жылы теңізші-тағылымдамашы болып бастады. Бүгінде ол Флотты техникалық пайдалану қызметінің басшысы болып табылады.

ҚТКФ еңбек еткен жылдары Н.Т.Жұмаев өзін ана тілінен бөлек орыс және ағылшын тілдерін жете меңгерген білікті маман ретінде танытты. Ол ҚТКФ кемелері тартылған "NKA Kashagan", "TCO FGP construction", "TCO FGP operation", "KPI logistics", "SEMARCO drilling", "Женис Оperating", Dry dock сияқты ауқымды жобаларға қатысты, «Болашақ кеңейту жобасы» ТШО шеңберінде Нидерланд мемлекетінде Горинхем қаласында «DAMEN» кеме жасау және кеме жөндеу өндірісінде 3 сүйреткіштің кеме жасауын жүргізу мезгілінде ҚТКФ атынан жалғыз өкіл болды.

Үзеңгілес әріптесімізді еңбек жетістерімен құттықтай отырып, оның кәсіби шеберлігінің одан әрі арта беруіне, еңбекте табыстары мол болуына, барлық алға қойған мақсаттарының іске асырылуына тілектеспіз!


Тізімге оралу