Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ делегациясы «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығының отырысына қатысты


Ағымдағы жылдың 16 – 17 наурызында Түркияның Стамбул қаласында «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» (TХКM) Халықаралық қауымдастығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл 2021 жылғы алғашқы отырыс.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК делегациясын Бас директор Оржанов Айдар Есенжанұлы басқарды.

Отырыс барысында Қауымдастықтың 2020 жылға арналған қызметінің қорытынды есебі мен 2021 жылға арналған даму жоспарлары туралы ақпарат тыңдалды.

Жұмыс тобының қатысушылары бүкіл әлем үшін оңай болмаған 2020 жылы маршруттың тұрақты дамығаны және транзиттік контейнер тасымалының өскенін атап өтті.

Сондай-ақ, TХКM дамыту жоспарлары және осы жол бойымен жүк тасымалдау көлемі бекітілді. Ағымдағы жылға жүктерді тасымалдаудың тариф көлемі келісілді. Бұл ретте, транзиттік контейнер тасымалы көлемін ұлғайтуға, көрсетілетін қызметтерді дамытуға баса назар аударылады.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығының барлық мүше елдері тарапынан белсенді және жауапкершілікті көзқарасқа үндеу жасай отырып, TХКM дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Тізімге оралу