ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік:
Біз алға қадам басамыз
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талаптарына сәйкес ҚТКФ бойынша «Қорғау» қауіпсіздік карталарының жүйесі қолданысқа енгізілді. Осы жүйенің негізгі критерийлерінің бірі - еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақат алудан сақтандыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында тәуекелді басқару, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлер мен мердігерлерді «Қорғау» картасын қолдану процесіне тарту болып табылады.
Қолдану қағидаты – еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде әрбір ҚТКФ қызметкері немесе мердігердің өкілі жұмыстарды тоқтатып, «Қорғау» картасын толтыруы тиіс. Сондай-ақ, карталарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстарды енгізу үшін толтыруға болады.
ҚТКФ компаниясында қалыптасқан дәстүр бойынша «Қорғау» карталарының 2021 жылғы қорытындылары шығарылды. Толтырылған карталарды пысықтап, ҚТКФ бойынша құрылған Комиссия жеңімпаздарды айқындады.
Барлық жүлдегерлерді құттықтай отырып, ұжым әріптестерін «Қорғау» карталарын толтыруда белсенділік танытуға шақырамыз!
Сертификат Үздік Қорғау картасы