Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Бас директоры А.Оржанов бастаған делегация Киев қаласындағы ТКХБ дамыту бойынша жұмыс тобының жұмысына қатысты.


2021 жылдың 4 және 5 тамызында Украинаның Киев қаласында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – TКХБ) дамыту бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

«Қазақиеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК атынан Бас директор А.Е.Оржанов, Бас директордың бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Б.К.Бисалиев және флотты коммерциялық пайдалану департаментінің директоры Т.Д.Медина қатысты.

Отырыс барысында 2021 жылға арналған «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ жүк тасымалдаудың жоспарланған көлемі, бағыт бойынша бюджет, тарифтік мөлшерлемені келісу, сондай-ақ проблемалық мәселелерді қарау сияқты мәселелер талқыланды, сонымен қатар TХКБ барлық қатысушыларының өзара әрекеттестігі туралы келісімдердің мәтіндерін келісе отырып, TКХБ бағыты бойынша бірлескен кәсіпорын құру және 2025 жылға дейін Орта дәлізді дамыту стратегиясын әзірлеу қаралды.

Тізімге оралу