Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Бас директоры А.Е.Оржанов Қазақ гуманитарлық заң университетіне барып қайтты


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов «Ұйымдық мінез-құлық» таныстырылым курсы шеңберінде М.С.Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттері алдында дәріс оқыды.

Осы кездесу барысында А.Е.Оржанов Басқарма төрағасы әрі бірінші басшы тұрғыдан өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол Бас директор ретінде компанияның операциялық қызметінің тиімділігін арттыруда заманауи корпоративтік менеджменттің қаншалықты маңызды болып отырғанын атап өтті.

Дәріс соңында студенттер А.Е.Оржановқа алғыс білдірді.


Анықтама*
Айдар Есенжанұлы Оржанов Бостон қаласында (АҚШ) Саффолк университетін және Лондон қаласында (Ұлыбритания) Ллойдс теңіз академиясын тәмамдады. Оның еңбек жолы 2001 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясында басталды, ол 2020 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін осы компанияның Бас директоры қызметін атқаруда.

Тізімге оралу