Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

ҚТКФ Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті


Ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Қазақтеңізкөлікфлотында» компанияның Бас директоры Айдар Оржановтың Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Екінші хатшы – Елшілік консулы Джейми Ле Блан-Хэдли мен экономикалық мәселелер бойынша маман Карима Ахметованың сапарының мақсаты Қазақстан мен АҚШ компаниялары арасындағы теңіз сауда көлігі саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды талқылау болды.
Қонақтар компанияның тарихымен, өндірістік қызметімен және даму жоспарларымен танысып, Қазақтеңізкөлікфлотының жетістіктеріне қанағаттанғандарын және қонақжайлығы үшін алғыстарын білдірді.

Тізімге оралу