Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Теңізшілер Маңғыстау облысының фермерлеріне мал азығын сатып алу үшін 3 млн теңге жинады


Биылғы жыл Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы үшін оңайға соқпады. Облыстағы құрғақшылықтың жалғасуына байланысты мал азығы жетіспеушілігі орын алып, ауыл шаруашылығы қатты зардап шегуде.

Осы жағдайдан хабардар болған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы үнсіз қалмай, бірауыздан облыс фермерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, бұған дейін де Ұлттық теңіз тасымалдаушысы қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға бірнеше рет көмек көрсеткен еді. Бұл жолы компания Маңғыстау облысының ауылдарына мал азығын сатып алу мен жеткізу үшін ерікті қаражат жинау туралы мейірімділік акциясын ұйымдастырды. Сонымен, акция аясында ҚТКФ қызметкерлері аймақтағы фермерлерге көмектесу үшін 3 миллион теңгеге жуық қаражат жинады.

ҚТКФ ұйымшыл ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен келісімге қол жетті.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының «AVANGARD» ЖШС аграрлық компаниясының қолдауымен Маңғыстау облысының Шетпе ауылына төрт автопоезд қажетті пішен жеткізіліп, олар одан әрі фермерлерге таратылуы үшін аудан әкімдігіне табысталды.


Тізімге оралу