Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Тбилиси қаласында «ТХКМ» халықаралық қауымдастығының кезекті Жалпы жиналысы өтті


Ағымдағы жылғы 20, 21 қазанда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Тбилиси қаласында өткізілген «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы Жұмыс тобының Жалпы жиналысына қатысты.

Жүргізілген отырыс жұмысының барысында Жалпы жиналысқа қатысушылар Қауымдастық қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітті, сондай-ақ 2022 жылғы 9 ай бойынша Қауымдастық қызметінің қорытындылары жөнінде есептемені тыңдады, ТХКМ бойынша тасымал тиімділігін одан әрі арттыру бойынша шаралардың келісілуін жүргізді.

ТХКМ бойынша тасымал көлемі көрсеткіштерінің едәуір жоғары болуы байқалды. Алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда ТХКМ бойынша тасымал көлемдері 2,7 есеге өсті, ал Ақтау-Баку-Ақтау маршруты бойынша тасып шығарылған ЖФЭ контейнерлер саны 23 мыңнан асты.

Тізімге оралу