Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Спорт біріктіреді ...


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК мамандары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның дәстүрлі Спартакиадасының іріктеу кезеңіне қатысты.

Іріктеу кезеңнің қорытындысы бойынша, Қазақтеңізкөлікфлотының бизнес жоспарлау және корпоративтік қаржы департаментінің аға маманы Лаура Сатыбалдиева үстел теннисінен күміс жеңіп алды.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы Виталий Ким үздік жүзгіш ретінде танылды.

Әйелдер арасындағы волейболда Қазақтеңізкөлікфлоты ойыншылары бірінші орынға ие болды.
Енді ҚТКФ спортшылары компанияның намысын шілде айының басында Шымкент қаласында өтетін Спартакиаданың ақтық ойынында қорғайтын болады.

Ұжымдастарымызға одан арғы жеңістер тілейміз.

Тізімге оралу