Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

«Сәтті» өздігінен көтерілетін жүзу бұрғылау қондырғысы Әзірбайжанға жеткізілді


Баку қаласында «Сәтті» өздігінен көтерілетін жүзу бұрғылау қондырғысын қабылдаудың ресми рәсімі өтті. Атаулы шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Әзірбайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясының Президенті Ровнаг Абдуллаев қатысты.

«Сәтті» бұрғылау қондырғысы – Қазақстанда толығымен жасалған және үш жыл ішінде американдық технологияны пайдалана отырып екі кеме зауытында, салынған алғашқы алаң. Құрылғы Каспий теңізінде 80 метр тереңдікте бұрғылауға арналған.

Алик Айдарбаев мұндай жобалар екі компания арасындағы достық пен сындарлы ынтымақтастықтың символы екенін атап өтті. Тараптардың әріптестер ретінде бірге жұмыс істеуді жалғастыру ниеті бар.

19 маусымда қондырғы Caspian Drilling Company базасына кіргізіліп, шекара айлағы ашылды. Осы уақытқа дейін қондырғы рейдте болған кезде қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта бұрғылау қондырғысына жағалаудан техникалық персонал жеткізілді

Тізімге оралу